Лисаковскіде түнгі клубта соққыға жығылған ер адам ауруханада қайтыс болды

Сурет: unsplash
Қазнетте Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде ер адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Наша газетаның" хабарлауынша, төбелес 12 қазан, сенбі күні таңғы сағат 05:00 шамасында Лисаковск караоке клубында болған. Кадрлардан түнгі клубқа келген екі адамның жанжалдасып, кейін марқұмды соққыға жыққаны көруге болады. Соққыға ұшыраған 41 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады. Ол бүгін, 15 қазанда қайтыс болды.

Бұл ақпаратқа қатысты Zakon.kz Қостанай облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"Лисаков қаласындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатын келтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 106-бабының 3-бөлігі). 22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, Лисаковск соты оны қамауға алуға санкция берді", - деді полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы