Оралда бухгалтердің қатесінен мектеп мұғалімдеріне 42 млн теңге жалақы артық төленген

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы Серебряков орта мектебінің әкімшілігі мектептің 75 педагогынан бюджеттен артық төленген 42 млн теңге көлеміндегі жалақыны өндіріп алу туралы сотқа талап қою жолдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 18 қазанында ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді.

"Талап қоюда мемлекеттік аудиттің қорытындысы негізге алынған. Тергеу органымен мектептің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, Орал қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған",- делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, Қылмыстық іс аясында мектепке жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 2021-2022 жылдары 75 педагогқа жалақы бойынша 42 млн теңге көлемінде артық төлемдер негізсіз аударылғаны, сөйтіп, қаржылық құқық бұзушылық анықталып, дебиторлық қарыз есептелген.

"Алайда, сотта мектеп әкімшілігінің өкілдері педагогтардың қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер жасағанын, соның салдарынан оларға артық қаражат аударылғанын дәлелдейтін дәлелдемелерді ұсына алмаған. Осыған байланысты №2 Орал қалалық соты мектептің талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырды. Сот жұмысқа немқұрайлы қарау немесе бухгалтерлік қателік болмаған жағдайда еңбек және азаматтық заңнамада көрсетілгендей, артық төленген соманы қайтаруға негіз жоқ екенін атап көрсетті".ҚР Жоғарғы соты

Апелляция мектеп өкілінің шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін Алматы облысында бизнес бойынша серіктесін атып өлтірген айыпталушыға қатысты үкім шыққаны хабарланды.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді