Қазақстанда алма қымбаттай ма

Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 2024 жылғы 23 қазанда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанға алма әкелуге тыйым салыну аясында, өнім бағасының қымбаттау мүмкіншілігі қаншалықты екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қазақстан ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін үшінші елдерден алма әкелуге тыйым салғанын еске салды.

"Біз бірнеше жыл бойы алма импортын алмастыру бағдарламасын жүргізіп келеміз. Биыл біз 300 мың тонна өнім күтіп отырмыз — осылайша ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеміз. Фермерлер бұл үшін көп күш жұмсады", — деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Қазақстанда бұл өнім бағасының күрт өсуі күтілмейді.

"Біз өндірушілермен келісім жасадық — егер алма бағасы көтеріле бастаса, біз тыйым салуды алып тастаймыз. Бұл қолдаудың шарты", — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары қазақстандық бидайды Оңтүстік-Шығыс Азияда сату жоспарлануда екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды