Қазақстандық туристер енді Камбоджаға тікелей ұша алады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Сиануквилл курортымен байланыстыратын Камбоджаға тікелей рейстер ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды. Ал Алматыдан алғашқы рейс 29 қазанда жоспарланған.

"Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Vietjet Air вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына екі рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.  

"Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді".Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді