Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, Бұқар Жырау көшесі бойымен Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейін бір ғана жолақ арқылы көлік қозғалысына рұқсат етіледі. Шектеу 28 қазанда сағат 09:00-ден 3 қарашада 19:00-ге дейін енгізіледі.
"Бұқар Жырау бульвары бойынша Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы - 1766,9 метр. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың төрт жерінен тат басу анықталды", деп хабарлады әкімдік.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.