Елімізде 30 қазанда телевидение мен радио арналар жұмысын уақытша тоқтатады

Бүгін, 2024 жылы 28 қазанда "Қазтелерадио" АҚ ел азаматтарына маңызды ақпаратпен жүгінді. Бірнеше күннен кейін бүкіл еліміз бойынша телевидение мен радио арналар 14 сағат бойында жұмыс істемейтіні мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.


"2024 жылдың 30 қазанында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", делінген хабарламада.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: