Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты Қилыбай Медеубеков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы ақпаратпен 2024 жылы 1 қарашада Алматы қаласы әкімдігі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2-25 қараша аралығында Қилыбай Медеубеков көшесі мен ұзартылып жатқан Абай даңғылының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

"Бұл аумақты оңтүстік бағытта Ұ.Қараманов, Грушовая, Строительная көшелері арқылы, ал солтүстік бағытта Строительная, Виноградная, Ұ.Қараманов көшелері арқылы айналып өтуге болады. Аталған учаскеде ескерту белгілері қойылады".  Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазір 600 метрлік соңғы учаскеде жұмыс қолға алынған, ұзартылған жолдың ұзындығы - 5,3 км.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты