Синоптиктердің мәліметінше, республикамыздың басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, кей өңірлерде оның арты қарға ұласады. Сондай-ақ, көктайғақ болады деп күтіледі.
"Еліміздің батысында қатты жауын-шашын, оңтүстік аймақтарда жаңбыр, оңтүстік-батыста, оңтүстікте қатты жаңбыр жауады деп болжанады", деп нақтылайды метеорологтар.
Республикамыз бойынша тұман, желдің күшеюі ортақ табиғи құбылыс ретінде сипат алады, ал батыста жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
"Күндіз еліміздің батысында, Маңғыстау облысының орталығында секундына 30 метр немесе одан да көп жылдамдықпен қатты жел соғады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мамандардың айтуынша, 2024 жылы 5-7 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде күн күрт суытып, ауа райы жауын-шашынды болады деп күтіледі.