Алматы облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысында полиция бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл ауданында жедел уәкілдер жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұзынағаш ауылының тұрғыны белгісіз адамның пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 2 млн 150 мың теңге көлемінде ақша алғанын мәлімдеген. Тергеу барысында күдіктінің тағы екі азаматты алдап, оларға да пәтер және жер учаскесін сатып алуға уәде бергені анықталды. Сөйтіп, ол жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Келтірілген шығынның жалпы көлемі 7 млн 375 мың теңге болды.

"Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарды кез-келген мәміле жасау кезінде мұқият әрі сақ болуға шақырады".Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты