Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады

Сурет: senate.parlam.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды". Ақорда

Келісімнің мақсаты – құқықтық ынтымақтастықты нығайту және сотталғандардың жазасын өз елінде өтеу арқылы қоғамға қайта бейімдеуіне ықпал ету.

Сенаттың бұған дейін хабарлауынша, шарт сотталған адамның міндетті жазбаша келісімін, оның тараптардың бірінің азаматтығын, екі ел мойындаған қылмыстың болуын және басқа да шарттарды қоса алғанда, беру тәртібін анықтайды. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген жағдайда бас тартуға да негіз бар.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты