Қостанайда вокзал қызметкерін балағаттаған тұрғын қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын патрульдеу барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған 19 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында жас жігіттің вокзал қызметкеріне балағат сөздер айтқаны анықталды. Сондай-ақ ол полицияға жеткізу кезінде билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамаған. Ұсталған азамат ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен құқық бұзушыға 20 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған