2024 жылдың басынан бері 25 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 14 қарашада ОКҚ алаңында Қазақстанда жол-көлік оқиғалары санының артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ағымдағы жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алғанын айтты. 

«Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, ол 25 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айрылғанын атап өтті. 

"21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды, 10 мыңға жуық қарсы жолаққа шығу деректерінің жолы кесілді. 25 мыңнан астам жүргізуші басқару құқығынан айырылды. 20 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 400 мыңға жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды". Қайсар Сұлтанбаев

Бұған дейін автожолдарда "жасырын" патрульдеу енгізілгені хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді