Жетісуда көлігі бұзылып, ақ түтек боранда қалып қойған адам құтқарылды

Фото: Zakon.kz
2024 жылғы 15 қарашада Жетісу облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ер адам туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түн ішінде үйге бара жатып, көлігінің ақаулығынан тұрып қалған ер адамдарды құтқарушылар Алакөл ауданының Қабанбай ауылынан 20 шақырым жерде тапты.

"Құтқарылған аман-есен жақын орналасқан елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ",- деп мәлімдеді ТЖМ.

ТЖМ ауа-райының қолайсыздығында жолға шықпауға кеңес береді.

Бұған дейін дәл осы аймақта Қабанбай-Үшбұлақ автожолында адамдар бар автокөлік қар құрсауында кептеліп қалғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек