Ұлттық Банк жаңа алтын монетаны таныстырды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валюта – теңге күнінің құрметіне орай 2025 жылдың I тоқсанында жаңа "Цифрлық инвестициялық монета" жобасын іске қосу жоспары бар екен мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтын инвестициялық монеталарды кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен online сатып алуға және сатуға болады.

"Цифрлық баламадағы инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады".ҚР Ұлттық Банкі

Монеталар Astana International Exchange (AIX) биржасының "TABYS" мобильді қосымшасы арқылы сатылады.

"Цифрлық инвестициялық монета" жобасы аясында монеталарды сатып алуға, Ұлттық Банкке кері сатуға, сыйлауға, сондай-ақ олардың жеткілікті саны жинақталған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болады",- делінген ақпаратта.

Осы жоба үшін арнайы жаңа ÚKI инвестициялық монетасының эксклюзивті дизайны әзірленіп отыр. Оның салмағы 31,1 грамм, номиналы 100 теңге, алтын сынамасы – Аu 999,9.

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

Монета "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясындағы коллекциялық монеталар стилінде жасалған. ÚKI инвестициялық монетасын тек "TABYS" мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Ұлттық Банк монеталардың блистерде шығарылатындығын нақтылады.

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

Жоба нақты қай күні іске қосылатыны туралы ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қосымша жарияланады.

Бұған дейін 15 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз