Бұрынғы мешіт ғимаратындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Сурет: pixabay
Дәрігерлер Ақмола облысы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратта болған жарылыстан кейін зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана денсаулық сақтау басқармасы оқиғадан кейін қаладағы ауруханаларға 16 адамның жеткізілгенін хабарлады. Оның үшеуі – бала.

"Қабылданған барлық науқастың алдын ала диагнозы — өрттің салдарынан алған әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік. Зардап шеккендердің бәріне қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

17 қарашада жерлеу рәсімі өтіп жатқан бұрынғы ауылдық мешіттің ғимаратында газ жарылысы болды, салдарынан үш адам: 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала қаза тапты.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті Сабынды ауылындағы газ жарылысы кезінде қазіргі Жақсыгелді мешітіне зақым келмегенін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды