Бибігүл Төлегенова 95 жасын "Астана Опера" сахнасында атап өтті

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
"Астана Опера" театры сахнасында атақты өнер қайраткерлері бас қосып, аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған концертке Шахимардан Әбілов, Айгүл Үлкенбаева, Альфия Каримова, сонымен қатар Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Бәйсейітова, Айзада Омарова және Нұрғалым Аманбай сынды көптеген танымал әртістер қатысты.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Кеш Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсынан "Тойбастар" жарқын көрінісімен басталды. Б.Төлегенова байқауының лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, "Астана Опера" хоры, оркестрі мен балет труппасы дирижер, "Құрмет" орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен бүкіл концертке мерекелік шырай қосты.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевтың мәнерлеп оқуындағы Фариза Оңғарсынованың "Бибігүл – ән" өлеңі кештің көркіне айналды. Мерейтой иесінің шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың орындауындағы Латиф Хамидидің "Бұлбұл" әйгілі әні барша халықтың сүйіспеншілігі ретінде қабылданды. Бұл ән Б.Төлегенова шығармашылығында әлдеқашан бейресми символға айналған еді",- делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратында.

"Ата толғауы" қазақ биін орындаған "Астана Балет" труппасы ерекше сый-сияпат жасады. Көрермендер "Forte Trio" аспаптық ансамблінің орындауындағы қазақ әндерінен попурриді де ықыласпен қабылдады.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бибігүл Төлегенованың сіңірген еңбегі мен шеберлігіне деген құрметтің белгісі ретінде оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан гүл шоқтары табыс етілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды