Алматы облысында кәсіпкер колонияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болды

Сурет: polisia.kz
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 қауіпсіздігі жоғары мекемесіне жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды өткізбек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекеме ішінде жұмыс істейтін "Алматы алаңы" ЖК жүргізушісі Daimler Chrysler автокөлігімен колонияға тыйым салынған заттарды өткізбек болды.

Мекеме қызметкерлері өндірістік материалдар тиелген автокөлікті тексеру кезінде сырлауға арналған ауа компрессорында ерекше иісі бар жасыл түсті заты бар 29 буманы және белгісіз сұйықтығы бар сыйымдылығы 1 литр пластикалық бөтелке, Huawei, Redmi және Vivo смартфондары, екі қуаттағыш және екі SIM-карта табылып, тәркіленді.

"Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналды және одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады