Қазақстан Арал теңізіне рекордтық су көлемін жіберуді жоспарлап отыр

Сурет: flickr/Stuart Rankin
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне шамамен 1,6 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылғы сәуірге дейін Арал теңізіне шамамен 1,3 млрд текше метр, ал жыл басынан бері 2 млрд текше метр су жіберілгенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, теңізді толтыруда су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды рөл атқарады. Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде биыл Қызылорда облысының шаруалары 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді",- деді ол.

Сондай-ақ, ол үнемделген су Солтүстік Аралға жіберілгенін де нақтылады.

"Мәселе өте маңызды, біз оны жан-жақты қарастырып, үнемі бақылауда ұстаймыз". Нұржан Нұржігітов

Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі кеңейтілгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады