Түркістанда ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Сурет: pixabay
Түркістан қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімі үшінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға С.Ерубаев көшесінде сағат 19:45 шамасында болған. Азаматша полицияға қоңырау шалып, оның пәтерінде ұрлық болғанын хабарлады. Алынған өтініш бойынша құқық қорғау органдары күдіктіні ұстау үшін Ұлттық ұланның әскери жасағына дереу ақпарат берді.

Жарты сағаттан кейін патрульдік топтың бастығы сержант Бақыт Бәймешов пен патрульдік қатардағы жауынгер Дамир Елубайдың келісілген әрекеттерінің нәтижесінде күдікті қылмыс жасалған жердің жанында ұсталып, полицияға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады