Ақмола облысында автокөлік ұрламақ болған күдікті дереу ұсталды

Сурет: Zakon.kz
28 қарашада таңғы сағат 04:45 шамасында Есіл ауданының полиция бөліміне автокөлікті ұрлау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғын өзінің үйінің жанында тұрған Audi A4 көлігіне белгісіз біреудің кіріп жатқанын байқап, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында анықталғандай, көлік иесі көлігін үйінің қақпасы алдына қойып, есіктерін жабуды ұмытқан. Таң сәріде иттің дауысына елең еткен ол терезеден қарағанда, көліктің ішінде бөгде адамды көріп, көшеге жүгіріп шыққан. Иесі күдіктіні көліктен шығарып, жерге құлатқанымен, қаскүнем бұрыш спрейін қолданып, қарсыласуға тырысқан. Тіпті, оның қолындағы адаптер модулін тастай салып, көмекке келген көлік иесінің әйеліне де спрей қолданған. Кейіннен қаскүнем теміржол көпірі бағытына қашып кеткен.

Жедел хабарды алған полиция қызметкерлері күдіктінің сипаттамасы бойынша іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, бірнеше минуттың ішінде оны қаланың орталық алаңында қолға түсірді.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Полиция автокөлік ұрлығын болдырмау үшін келесі сақтық шараларын ескеруді ұсынады:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін