Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Өскеменде полиция қызметкерін мас күйде боқтағсн әйел жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемендегі № 2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғау органы қызметкерін балағаттаған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Осы жылдың қыркүйек айында полиция капитаны ер адамға ұрлық фактісінің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне баруды ұсынған кезде оның әйелі шу шығарған. Мас күйдегі әйел тәртіп сақшысын балағаттай жөнелді. Оның кінәсі бейнежазбамен, жәбірленушінің айғақтарымен және тергеу хаттамаларымен расталды", - делінген хабарламада.

Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындап, бұл ісіне өкінетінінін айтты. Алайда айыпталушының мас күйде болуы жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды.

Сот шешімімен әйел 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты