Тоқаев Макронға ризашылығын білдірді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Рияд қаласында өтіп жатқан One Water саммиті аясында Эмманюэль Макронмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент өзінің жақында Францияға жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен еске алып, Қазақстан делегациясына көрсеткен ерекше қонақжайлығы үшін Эмманюэль Макронға ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ-француз қарым-қатынастарын берік стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізу үшін Парижде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. 


"Келіссөздердің қорытындысына және тиісті құжаттарға қол қойылғанына көңілім толды. Францияға мемлекеттік сапарым ұзақмерзімді экономикалық өсімге және елдеріміз арасындағы байланысты нығайтуға жасалған маңызды қадам болды. Бірнеше аптадан кейін-ақ түрлі бағыттағы негізгі келісімдердің жүзеге асып, нақты нәтиже бере бастағаны қуантады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Эмманюэль Макрон Қазақстан мен Франция арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және "жасыл" экономиканы дамыту секторларында күш біріктірудің мәні зор екенін жеткізді.

Тараптар энергия тиімділігі, таза технологиялар, су ресурстарын басқару, инновациялар, деректер алмасу және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективаларын талқылады. Кездесуде президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді