ҚМГ ереуілге шыққан "Өзенмұнайгаз" АҚ қызметкерлерін жұмысқа оралуға үндеді

Сурет: kmg.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 4 желтоқсанда "Өзенмұнайгаз" АҚ-дағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәлімдемеде 2024 жылы 12 қарашада "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға қарасты Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерінің кәсіподағы рұқсатсыз акция ұйымдастырып, бірқатар талап қойғаны айтылады. Өзенмұнайгаз басшылығы БЖБ жұмысшыларымен тұрақты түрде келіссөз жүргізіп келеді.

Сонымен қатар 2024 жылы 3 желтоқсанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырды.Келіссөз қорытындысы бойынша хаттама жасалды:

"Хаттама рұқсатсыз акцияға шыққан жұмысшылардың назарына жеткізілді. Алайда, ӨМГ БЖБ кәсіподақ төрағасы оған қол қоюдан бас тартты. ҚР заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары үшінші тұлғалардың араласуынсыз тікелей жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында реттелуі тиіс екенін хабарлаймыз", - делінген мәлімдемеде.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ осыған дейін әр талап бойынша толық түсініктеме бергенін атап өтті.


"Мысалы, ӨМГ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балалары компанияның штатына тікелей алынса, 2020 жылы бекітілген жұмысқа орналасу алгоритмін бұзады. Алгоритмге сәйкес ӨМГ зейнеткерлерінің балалары мен жұмыссыз азаматтар тең дәрежеде жұмысқа қабылданады. Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады", - деп хабарлады ҚМГ.

Сондай-ақ, ҚазМұнайГаз компаниясы ӨМГ қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы толық ақпарат берді. ӨМГ мен үш кәсіподақ арасындағы ұжымдық шарт 2024 жылы 25 сәуірде жасалды. Ұжымдық шартқа сәйкес ӨМГ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 44 млрд теңге қарастырылған, соның 5 млрд теңгесі (11%) компанияның Бұрғылау жұмыстары басқармасына арналған.

"ӨМГ-де жақсы еңбек жағдайы жасалған деп есептейміз, әрбір қызметкерді әлеуметтік қолдауға жыл сайын 3,8 млн теңге бөлінеді. БЖБ жұмысшыларын жұмысқа шығуға және келіссөзді бітімгерлік комиссия аясында жүргізуге шақырамыз", - делінген мәлімдемеде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды