Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 5 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ермек Сағымбаев ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп берді.

ҰҚК төрағасының баяндамасынан ұлттық қауіпсіздік органдары 4 террористік актінің алдын алғаны, терроризм мен экстремизмге қатысы бар 84 адам сотталғаны және 44 адам ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ:

Мұнымен қоса, есірткі өндіретін 33 зертхана, оны тасымалдайтын 35 халықаралық және 31 өңірлік арна жойылғаны мәлімденді.

"3,2 тонна есірткі құралдары және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр шикізаты, 18,8 тонна прекурсорлар тәркіленген. Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар 162 адам сотталған",- делінген Ақорда дерегінде.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында 1,6 триллион теңгеден астам көлемде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, бюджетке 315 миллиард теңге өтелген. Сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін 46 адам сотталған;

Бұдан бөлек:

"Президент кездесу соңында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді".Ақорда

Бұған дейін Тоқаевтың Сағынтаевты қабылдағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды