Маңғыстауда әкімдік маңында ер адам өзін өртеп жіберді

Сурет: primeminister.kz
5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ер адам облыс әкімінің қабылдауын талап етіп келген, бірақ дегеніне жете алмаған, деп жазды lada.kz.

"Әкімдік қызметкерлері тұрғынға бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген күні қабылдауға келуін сұрады", - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Ер адамды Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдады, бірақ оның бұған көңілі толмай, ер адам жанғыш қоспамен өзін-өзі өртеп жіберді.

Сурет: lada.kz

Өртті полиция мен әкімдік қызметкерлері сөндірді. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Маңғыстау облыстық полициясы бұл фактіге қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда