6 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 6 желтоқсанда 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. 

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында туман күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды