Сирияда Башар Асад билігі құлады

Сурет: kremlin.ru
Сирия әскерінің қолбасшылығы офицерлерге президент Башар Асад билігінің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы офицерлер арасындағы дереккөзге сілтеме жасап Reuters хабарлады.

"Сирия әскерінің қолбасшылығы офицерлерге президент Башар Асадтың 24 жылдық авторитарлық билігінің аяқталғаны туралы хабарлады", - делінген хабарламада.

Агенттіктің материалында Сириядағы көтерілісшілер Дамаск "қазір Асадтан азат" деп мәлімдегені туралы айтылған.

Асад үкіметінің премьер-министрі Мұхаммед Қазы әл-Жалел "Сирия халқы таңдаған кез келген басшылыққа билікті бейбіт түрде тапсыратынын" мәлімдеді.

"Сирия көрші және әлем елдерімен жақсы қарым-қатынас орнататын қалыпты ел бола алады. Бұл Сирия халқы таңдаған басшылыққа байланысты болады. Біз келген билікпен әріптестік орнатуға дайынбыз", - деді премьер-министр.

Башар Асадтың қайда екені белгісіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды