Алматыда қар: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Сурет: Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Алматыда 8 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тен бастап қар жауа бастады. Күндізгі кезеңде 609 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауын-шашын басталғаннан бері 159 құмшашқыштың күшімен жолдарда көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1 480 тонна материал пайдаланылды.

64 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазгидрометтің мәліметінше, таңғы сағат 9:30-ға дейін қалада 4 см қар жауған.

Қардың түсу қарқындылығы күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап жолдардың жүріс бөлігінен қарды тырмалау бойынша 18 баған ұйымдастырылды.

Сурет: Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, бүгін түстен кейін қар жауады, сағат 22:00-де тоқтайды. Ауа температурасы -3…-5°С болады, одан әрі 9 желтоқсан түнде -11...-13°С-ге дейін төмендейді. Түнде айтарлықтай жауын-шашын жаумайды.

9 желтоқсанда жауын-шашынсыз, ауа температурасы -6...-8 °С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз