Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды

Сурет: Zakon.kz
Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы облысының ПД растады.

"Талғар маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған", — делінген хабарламада.

Марқұмның осы жылғы 4 қазанда бір топ кісі қолынан тапқан Шерзат Полаттың ағасы екені белгілі болды.

Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер марқұмның отбасы осы кезге дейін полицияның қорғауында екенін атап өтті. Марқұмның отбасына ешқандай қауіп төнбеген.

"Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кетіп қалған, — делінген хабарламада.
Қазақстан
Алматы облысы
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады