Алматы – Ташкент тасжолында автобус жолаушылары эвакуацияланды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
10 желтоқсанға қараған түні Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары автобустағы 41 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы тасжолда автобус бұзылып қалды.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жетіп, 41 жолаушыны, оның ішінде екі баланы Шақпақ ата ауылындағы ең жақын жылу пунктіне эвакуациялады.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Эвакуацияланған азаматтардың көбі - Ресейдікі, олар қазір басқа автобуспен діттеген жеріне жеткен.

"Эвакуацияланған жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады