Қызылордада жайылымдағы малдарды ұрлап жүрген қылмыстық топ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан үш адамнан тұратын топ ұсталды. Олардың есебінде мал ұрлығының жеті эпизоды бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер оларды кезекті қылмыс жасап, "ізін суытпақ" болған кезде қолға түсірді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі ірі қара мал күдіктілерден заттай дәлелдеме ретінде алынып, қайтарылды.

Тергеу барысында күдіктілердің еркін жайылымда қараусыз жүрген малдарды жасырын ұрлап, ГАЗель автокөлігімен тасымалдағаны анықталды.

Мал ұрылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған