"Челси" командасы Алматыда түсірілген кадрлармен бөлісіп, көпшіліктің сынына қалды

Сурет: Instagram/chelseafc
12 желтоқсанда Алматыда "Астана" және "Челси" футбол командалары арасында кездесу өтті. Құрама бір күн бұрын келіп, матч алдында қаланы аралап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серуен кезіндегі кадрлармен олар Instagram-да бөлісті.

Олар, Вознесенский соборы мен 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауды аралаған. Сондай-ақ, сол маңдағы метро мен көк базардағы ет сөрелерінің де суретімен бөліскен, "Қазақстан" қонақ үйі мен Көк-төбедегі алаңға да барған.

Бұл фотосуреттер көпшіліктің көңілінен шыға қоймаған тәрізді, бірден сынға ұшырады.

Пікірлерді қорытындылайтын болсақ, қазақстандықтар шетелдік қонақтарға Алматының нағыз сұлулығы көрсетілмегеніне қынжылды.

Бұған дейін "Астана" өз алаңында "Челсиден" ұтылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды