Абай облысында әскери комиссариат асханасында болған жанжал адам өлімімен аяқталды

Сурет: Zakon.kz
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру (ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі) бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот анықтағандай, кешкі уақытта "Үржар аудандық қорғаныс істері бөлімі" ғимаратының асханасында жүргізуші болып қызмет атқаратын азамат П., күзетші М., И., және техникалық жұмыскер азамат Р. спирттік ішімдік ішкен.

Түн ортасында П. М. мен И.-ды үйлеріне апарып тастап, содан кейін дүкен "Ақжол" маңында Р.-мен бұрынғы келіспеушіліктер негізінде жанжал туындаған. Жанжал төбелеске ұласып, П. Р.-ның бетіне бірнеше рет жұдырығымен соққы жасап, мойын, жүрек, арқа және іш тұсына бірнеше мәрте пышақ жарақатын салған. Салдарынан Р. оқиға орнында қайтыс болған. П. оқиға орнынан қашып кеткен. 

"Соттың үкімімен П. кінәлі деп танылып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді", - делінген үкімде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз