Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20, күндіз 17-22 м/с-ке жетеді. Атырауда түнде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстістігінде көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбеде бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтауда күндіз көктайғақ.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Түнде облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз болады.
Алматыда түнде кей уақыттарда тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Қостанайда жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады.
Ақмола облысында оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғады, күші - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Оралда көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Астанада оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз болады. Талдықорғанда түнде 25 градус қатты аяз.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с болады.