Жолдарды мұз басудың алдын алу үшін екі мәрте көктайғаққа қарсы материалдар себілді, бұл жұмыстарға 2450 тонна материал жұмсалды. Бірінші кезең сағат 16:00-де аяқталып, екінші кезең 17:30-да басталды.
"22:00-ден бастап жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, бұл үшін түнде 21 техника колоннасы жұмылдырылған. Барлығы 603 арнайы техника, оның ішінде 130 құмсепкіш, 70 шағын көлемді арналған машина тротуар, аялдама мен өткелде жұмыс істеп жатыр. Күндіз 1034 жұмысшы, ал түнде 957 адам еңбек етуде", деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі.
16 желтоқсаннан бері 46 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қар тазалау жұмыстарының негізгі кезеңдері: жауған қардың әр 5 см сайын көктайғаққа қарсы материалдар себу, қар үйінділерін күреу және шығару, жол жиектерін тазалау.
Айта кетсек, 21 желтоқсанда Алматыда күн суық болады: аспан бұлтты, аздап қар жауады, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -4...-6°С.