eGov жүйесіндегі жасанды интеллект жұмысының тұсаукесері Үкімет басшысы мен министрдің әзілінен басталды

Фото: freepik
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 24 желтоқсанда цифрлық үкімет кеңсесінде жасанды интеллект электрондық үкіметтің мобильді қосымшасында қалай жұмыс істейтінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бүгінгі таңда цифрландыру азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын — денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, құқықтық қолдауды қамтығанын атап өтті. Ағымдағы жылы 44 млн-нан астам қызмет көрсетілді.

"Цифрландыруды енгізгенімізге қарамастан, біз кейбір азаматтарға eGov сайтында немесе мобильді қосымшада қандай да бір қызметті табу қиынға түсетінін сеземіз. Біреулер үшін ХҚКО-ға бару оңайырақ. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жасанды интеллект енгізу бойынша жұмысты жеке бастау қажет деп санаймыз", – деді Жаслан Мәдиев.

Ол виртуалды көмекшілерді енгізу керек екенін түсіндірді. Министр eGov қосымшасын ашып, виртуалды көмекшінің жұмысын көрсетті.

Ол одан: "Некені қалай тіркеуге болады?".

Виртуалды көмекші қыз: порталға кіру, жұбайының ЖСН-мен өтінімді толтыру, тіркеу бөлімін таңдау, ЭЦҚ-мен қол қою және болашақ жұбайынан растау алу қажет деп жауап берді. Жаслан Мәдиев қазіргі уақытта некеде тіркелгендіктен, жүйе оны одан әрі жіберген жоқ.

"Некеде болсаңыз да, некеге тіркейді деп үміттендіңіз бе?- деп әзілдеді Премьер-министр Олжас Бектенов.
"Жүйені алдай алмаймыз", – деп жауап берді министр.
"Бүгінгі жиыннан кейін әйеліңізбен ауыр бір әңгіме болғалы тұр-ау",- деді Үкімет басшысы.

Сол сияқты виртуалды көмекші "баланы балабақшаға қалай жазуға болатындығын" және "ЭЦҚ қалай алуға болатындығын" көрсетті.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов министрден виртуалды көмекшінің қазақ тілінде қашан жұмыс істейтінін сұрады.

"Біз сынақ режимінде жұмыс істей бастадық. Қазір Назарбаев Университетімен бірлесіп үлкен модель әзірлейміз. Келесі қадам — жаңа функцияны енгізу, осы функцияны енгізгеннен кейін ол қазақ тілінде сөйлей бастайды", – деді Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін Цифрлық даму министрінің алаяқтармен бетпе-бет келгенін айтқаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды