Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды

Сурет: polisia.kz
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментінің «Киберпол» тобымен бірлесіп, заңсыз sim-box құрылғысын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралар барысында көршілес елдің азаматы ұсталды. Оның айтуынша, ол Тelegram арқылы жұмыс тауып, Алматыға осы жабдықты ала келген.

Айта кетейік, күдіктінің осыған ұқсас жағдай бойынша Атырауда жүргізіліп жатқан іске қатысы бары анықталды.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін прокуратураның келісімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады