Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұм ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда апатқа ұшыраған Әзербайжан ұшағы экипажының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының хабарлауынша, Ақтауда апатқа ұшыраған лайнерді келесі экипаж мүшелері басқарған:

БАҚ-тың алдын ала хабарына қарағанда, Embraer 190 AZAL ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан ұшақ экипажының ешбірі аман қалмаған.

Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан 29 адам аман қалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы түрлі медициналық мекемеге жеткізілді.

"Оларға облыс ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Оқиғаға дейін ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Ұшақта Қазақстан азаматтары да болған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі