Qazaq Air Екатеринбургке әуе рейстерін тоқтатты

Сурет: Qazaq Air
Qazaq Air әуекомпаниясы Екатеринбург (Ресей) бағыты бойынша әуе рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі 2024 жылғы 27 желтоқсанда мәлімдеді.

"QAZAQ AIR әуекомпаниясы ағымдағы жылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана — Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр. Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, әуекомпания қазіргі уақытта QAZAQ AIR тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастыратындығы атап өтілді.

"Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу – тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады".Qazaq Air баспасөз қызметі

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады.

Бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай екені хабарланған болатын.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды