"Мұндай еш жерде жоқ": Атырауда 18 метрлік ерекше шырша орнатылды

Сурет: Zakon.kz
Атырауда LED-экраны бар шырша орнатылды. Жергілікті билік Қазақстанның бірде-бір қаласында мұндай жаңа жылдық әдемілік жоқ деп мәлімдейді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Исатай мен Махамбет атындағы Орталық алаңға заманауи шырша орнатылды. Оның биіктігі-18 метр. Күндіз ол гирляндалар мен шарлары бар қарапайым шыршаға ұқсайды, ал түнде мерекелік көңіл-күйдің символына айналады.


Сурет: Zakon.kz


Экранда 20 түрлі элемент – қарлар, шанадағы Аяз Ата, жұлдыздар, шарлар және тіпті қазақтың ою-өрнектері жарқырайды.

Айта кетейік, 2024 жылы қалалық бюджеттен Атырауды безендіруге 66 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа қаланың әр аймағындағы бес шыршаның безендірілуі мен жаңа жыл күнгі 10 минуттық отшашу кіреді.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы басты жаңа жылдық концертте өнер көрсеткені белгілі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз