ІІМ көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады

Сурет: polisia.kz
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Ауа райы нашарлаған сайын жолдағы әрбір қадамыңыз қауіпті. Көктайғақ, боран, қар немесе тұман кезінде жолға шықсаңыз, сапарыңыз сынаққа айналуы мүмкін. Сондықтан ондай  жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Өзіңіздің және өзгелердің өмірін қатерге тікпес бұрын күн райының қалыпқа келгенін күтіңіз", - деді ол.

Қайрат Сұлтанбаев жолда қалып қойған жағдайда есте сақтау керек ережелерді айтты:

Оның айтуынша, жол қызметтері, сондай-ақ полиция және құтқару бөлімшелері жолда тәулік бойы жұмыс істейді.

"Олардың міндеті – сізге көмектесу. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу көмекке жүгініңіз. Біз ауа райы жағдайына байланысты шектеулер мен қағидаларды бұзғандарға ерекше назар аударамыз". Қайсар Сұлтанбаев

Мұндай әрекеттер тәртіп бұзушылардың өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады.

"Сіздің жолдағы қырағылығыңыз бен жауапкершілігіңіз – үйіңізге аман-есен оралуыңыздың кепілі. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз"!  - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті