Метапневмовирус шынымен де коронавирус секілді қауіпті ме - мамандар пікірі

Сурет: depositphotos.com
Отандық ақпарат алаңында Қытайда "басталып", бірқатар елдерде, соның ішінде біздің елімізде де төбе көрсетіп үлгерген метапневмовирустық инфекция жайлы ақпаратқа толып кетті. Zakon.kz аталған инфекция шынымен де қорқынышты ма, оның жайын мамандардан біліп көрді.

Бұрын жазғанымыздай, Қытайда бұрқ еткен метапневмовирус денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай салмақ салып, ауруханалар науқастарға толып кеттті.  2025 жылдың 6 қаңтарындағы жағдай бойынша расталған жағдайлардың нақты саны белгісіз. Дүниежүзіндегі жағдай әзірге келесідей:

Педиатр, инфекционист Ләззат Ералиеваның айтуынша, адамның метапневмовирусы - тыныс алу жолдары ауруларын тудыратын респираторлық вирус. Ол Қазақстанда (іс жүзінде әлемде) жыл сайын тіркеледі, маусымдық сипатқа сай қыста сырқаттанушылық өседі, жалпы барлық 12 ай бойы "жүреді".

"Инфекция көзі - науқас адам. Бір қызығы, балаларда метапневмовирустың бөлінуі өте ұзақ болуы мүмкін және үш аптаға дейін созылады. Метапневмовирус адамнан адамға жөтелу және түшкіру кезінде сілекей тамшылары арқылы, науқаспен тығыз байланыста болған кезде, вирус жұқтырған заттарға қол тигізу  арқылы таралады. Содан кейін қолдан ол ауызға, мұрынға немесе көзге түседі. Бұл вирус тұрмыстық заттарда алты сағаттан астам уақытқа сақтала алады. Дегенмен ол барлық дезинфекциялық құралдарға сезімтал және оңай зарарсыздандырылады. Инкубациялық кезеңі - үш-бес күнге дейін. Метапневмовирустық инфекцияның типтік белгілері - мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағу, дауыстың қарлығуы, жөтел. Егер вирус төменгі тыныс жолдарына әсер етсе, онда ентігу пайда болуы мүмкін", – дейді дәрігер.

Сонымен қатар, "коронавирустан" айырмашылығы метапневмовирустың тез мутацияға ұшырау қабілеті жоқ және инфекция, әдетте жеңіл жүреді. Адамның сауығуына, әдетте бір апта кетеді.

Тәуекел тобында бес жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан ересектер және иммунитеті төмен науқастар жатады: олар бронхит пен пневмониямен ауыруы мүмкін. Алайда, ауруды қоздырмау және емделмей жүре бермеу керек. Шынында да, ЖРВИ-дің кез-келген түрінің асқынуының салдары қорқынышты.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың үрейін қашырған ауруға сабырмен қарайды. Олар қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде екенін айтады. Әдеттегідей, қаңтар айында өсім көрсеткен аурудың аптығы ақпан айының ортасынан бастап табиғи түрде басылады деп болжанады. 

 Алайда, қазіргі эпидемиологиялық жағдай мамандардың алаңдаушылығын тудырмайды. Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап елімізде ЖРВИ-нің 2 миллионнан астам жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен. Бұқаралық ақпарат құралдары шулатқан метапневмовирус бойынша алынған сынамалардың 2% оң болып шықты, өткен жылы оның үлес салмағы 5% -ды құраған. 

"Негізінде әр науқастағы вирустың түрін анықтап жатудың қажеті жоқ, оны әлемде ешкім жасамайды. Біріншіден, бұл инфекцияларды емдеу біздің елде бекітілген бір клиникалық хаттамаға, яғни тұмау мен ЖРВИ емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіледі. Екіншіден, олардың барлығы негізінен ауа тамшылары арқылы беріледі, белгілері мен алдын алу шаралары бірдей. Сондықтан тестілеу әр науқаста жүргізілмейді, бірақ бір немесе басқа эпидемиологиялық маусымда қандай вирустар айналып жүргенін, бір эпидемиологиялық маусымның екіншісінен қалай ерекшеленетінін, вирустардың үлес салмағы қалай өзгергенін және "вирустық ландшафт" әлемге қаншалықты сәйкес келетінін анықтау үшін жасалады", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Алдын алау шаралары да стантартты:

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатып отырған метапневмовирус жайына қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды