Қазақстандық оқушылар мамандық іргетасын мектептен бастап-ақ меңгереді - жаңа жоба

Фото: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2025 жылғы 8 қаңтардағы Үкімет отырысында қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілген.

"Үкімет жанынан жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі комиссия құрылды. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың жол картасы қабылданды. Барлық 20 өңірде жұмысшы кәсіптерінің беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс–қимылды күшейтуге бағытталған жоспарлар бекітілді", — деді Ғани Бейсембаев.

Ол сондай-ақ, іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайтындығын айтты. Онда қамтылған:

"Осы шараларды іске асыруға барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, "Самұрық-Қазына" АҚ мен ұлттық компаниялардың, кәсіподақ ұйымдарының қатысуы көзделген", — деп толықтырды министр.

Ол бұл бағыттағы жұмысты жүйелі дамыту үшін өңірлердің кадрларға қажеттілігін ескере отырып, барлық аймақта "жаңа кәсіптер атласы" әзірленетінін айтты.

"Кәсіптік бағдар берудің реформасы оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады.Кәсіпорындар мен колледждердің ынтымақтастығымен 1000 мектепте бейіндік сыныптар ашылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі", — деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы қалай төленетіндігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді