Олжас Бектенов жаңа әділет министрін таныстырды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр – Ерлан Сәрсенбаевты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Азамат Есқараевқа министр қызметінде атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, ары қарайғы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Ерлан Сәрсембаевты таныстыру барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің құқықтық жүйесін нығайту, "Заң мен тәртіп" қағидатын енгізу бойынша Әділет министрлігі ұжымының алдына қойған бірқатар міндеттерді атап өтті.

Олжас Бектенов Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі Үкіметтің жұмысы тұрақты әрі сапалы заңнамалық сүйемелдеуді талап ететініне тоқталды.

Парламентпен өзара тығыз іс-қимыл жүргізу, азаматтарға көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын одан әрі арттыруды қамтамасыз ету, нотариат және адвокатура институттарын жетілдіру қажеттілігі нақтыланды.

Сонымен қатар халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты