Ақмола облысында екі адам зейнеткердің үйіне заңсыз басып кірген

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында зейнеткердің үйіне заңсыз басып кіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астрахан ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны, 63 жастағы зейнеткер 5 қаңтар күні кешкі сағат 21:30 шамасында екі жергілікті тұрғынның оның үйіне заңсыз кіргені туралы шағымданды.

Тергеу барысында анықталғандай, 25 және 31 жастағы ер адамдардың бірі терезе арқылы үйдің кіреберісіне еніп, іштен есікті ашып, сыбайласын кіргізген. Олардың айтуынша, бұл үйде ортақ танысын іздеген, алайда оны таппаған соң оқиға орнынан кетіп қалған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл бап тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзуға байланысты жауапкершілікті қарастырады.

Айта кетейік, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық немесе түзету жұмыстарына тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген. Егер бұл әрекет зорлық-зомбылық, қорқыту, адамдар тобының қатысуы, түнгі уақытта немесе заңсыз тінту арқылы жасалса, кінәлі тұлғалар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді