Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде "синтетика" тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әл-Фараби ауданы аумағында есірткі тасымалымен айналысқан күдіктіні анықтады. Тексеру кезінде ұсталған азаматтың өзімен бірге мефедрон салынған пакеті болған. Полиция қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алып, психотроптық заттың 200-ден астам дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымы үшін қатаң жаза, соның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы