Атырауда жанармай бекетіндегі өрттің алдын алған азаматтар марапатталды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Атырау қаласында төтенше жағдай кезінде ерекше батылдық көрсеткен азаматтарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпті сәтте жанармай құю бекетінің қызметкері Қайырбек Сисенов және патрульдік полиция батальонының жас қызметкері Данияр Жәрдемғали тез әрі үйлесімді әрекет етудің үлгісін көрсетті.

Өрттің алғашқы белгілері байқалған сәтте Қайырбек Сисенов еш ойланбастан, қауіп-қатерге қарамастан іске кірісіп, жалынды сөндіруге тырысты. Дәл сол уақытта қызметте жүрген полиция қызметкері Данияр Жәрдемғали жағдайды көріп, көмекке асықты. Екеуі де өрттің қауіпті екенін түсініп, арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, жалынды сөндіру үшін бар күшін жұмсаған.

Сурет: polisia.kz

Бұл әрекеттерінің нәтижесінде үлкен апаттың алдын алуға мүмкіндік туды.

Қайырбек Сисенов пен Данияр Жәрдемғали Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды