Атырауда мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Сурет: primeminister.kz
Атырауда орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мұндай әрекетті педагогикалық кеңесте болған оқиғадан кейін жасамақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атыраудағы №37 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте балағат сөздер естіген соң өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы Atyrau ONLINE интернет-басылымының Telegram-каналы хабарлады. Отырыс кезінде қазақ тілі мұғалімі ағылшын тілі мұғалімін "алаяқтық жасады" деп айыптаған көрінеді.

"Педагогикалық кеңесте қадіріме нұқсан келтірді. Мұның алдында директор оның "қолы өте ұзын" екенін айтты. Мұның мені қорлағаны сонша, басқа жол көрмедім", - деді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұғалім облыстық ауруханаға түскен.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасында Zakon.kz тілшісіне түсінік берді:

"Науқас келіп, қаралды, бірақ әйел емделуден бас тартып, үйіне кетті. Жағдайы орташа ауыр".

Атырау облыстық полиция департаменті де жағдайға қатысты түсінік берді.

"Әлеуметтік желіде тараған 1985 жылы туған әйелдің дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы дерек тіркелді. Қазіргі уақытта кешенді тексеру шаралары жүргізіліп жатыр" Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облысының білім басқармасы оқиғаның мән-жайын былай түсіндірді:

"Жағдайды анықтау үшін Атырау білім бөлімі жанынан арнайы комиссия құрылды. Қажетті тексерулер жүргізіледі, мән-жайдың бәрі мұқият нақтыланады. Заңнама бойынша қандай да бір бұзушылық анықталған жағдайда, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданады".

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды