Айбек Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі болды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Айбек Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбек Жексенәліұлы Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы қаласы тарихы музейі" КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған. 

2007-2015 жылдары "Алматы қаласы тарихы музейі"  КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры;

2015-2016 жылдары "Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі" КМҚК директоры;

2016-2022 жылдары "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі" РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК директорының орынбасары болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі