БҚО-да малды ұрлап, оның етін өткізбек болғандар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан Жәнібек ауданының екі тұрғынын құрықтады. Күдіктілер ұрланған малдың етін облыс орталығына тасымалдау кезінде ұсталған.

Көлікті тексеру барысында еркін жайылымнан ұрланған екі ірі қараның сойылған еті табылды. Тергеу барысында малдың Жәнібек ауданының бір тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Сурет: polisia.kz

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің бірі осыған дейін аудан аумағында тағы үш рет мал ұрлығын жасағаны белгілі болды. Олар ұрланған малды сатып, айғақ заттар ретінде терілерін Сарыөзек өзенінің көпірінің астына тастаған.

Сонымен қатар күдіктілердің бірі малшы болып жұмыс істеп жүрген кезде қылмыс жасағаны анықталды. Тергеу барысында жақын маңнан ұрланған малдың көмілген терілері, бастары және басқа да бөліктері табылды. Сондай-ақ қылмыс жасауға пайдаланылған құралдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды